Заңдағы өзгерістер талқыланды

Сарқан аудандық сотында жергілікті полиция бөлімінің және жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

 

Сот төрағасы Е.Байболов өз сөзінде – «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, яғни осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша жеке және заңды тұлғалардың, жалпы азаматтардың сонымен бірге шетел азаматтарының құқықтарын қорғап, әкімшілік істерді қозғау мен қарау кезінде олардың қолданылуы бойынша сот тәжірибесін қалыптастыру қажет екендігін атап өтті. Әрі қарай қатысушылар аталған кодекске 33 бап бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде өзара пікір алмасты. Аудандық соттың төрағасы Е.Байболов қойылған сұрақтарға жауап беріп, құзырлы органның басшыларына ҚР ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша өз мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Е.БАЙБОЛОВ,
Сарқан аудандық сотының төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: