Өзекті мәселе талқыланды

Жуырда Сарқан аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және техникалық инспекторларының басын біріктірген «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында семинар болып өтті.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұқашев кіріспе сөз сөйлеп жиынды жүргізіп отырды. Келелі кеңеске арнайы келген Алматы облыстық еңбек инспекторы А.Карипов жұмыс беруші мен қызметкер арасында кездесетін шетін мәселелер – құқықтар мен міндеттер, еңбекті барынша қауіпсіз ету төңірегінде сөз қозғап, келер жылы Еңбек кодексіне енгізілетін жаңашылдықтардан құлағдар етті. Жиын барысында сондай-ақ білім беру мекемелерінде еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының негізгі міндеттері аудандық еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Б.Абдыбаевтың сөзіне арқау болды. Семинарды Жанат Мұхаметқалиұлы қорытындылап соңында қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауап берілді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: