Өзекті мәселелер – отырыс арқауы

Сәуірдің 4-інде Сарқан қаласы және ауылдық округ-тердің әкімдері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық бөлім, мекемелер, қоғамдық ұйымдар басшыларының қатысуымен  аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Алқалы жиынды аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков ашып жүргізді. Жиын барысында “Сарқан ауданы бойынша қалалық, ауылдық әкімдіктерінің пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақса-тындағы жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысы туралы”, “Аудан бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы” мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша негізгі баяндаманы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Есжанов жасап, игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу бағытында өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды тізбелеп, алға қойған нақты мақсаттарымен бөлісті. Жиын арқауына айналған екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Марат Разбеков сөз алып, аудандағы жыл сайын өзектілігі артып келе жатқан тұрғын үй, тұрғындарды баспанамен қамту турасында, оны шешу жолдары мен қордаланған дүниелерді сарапқа салды. Талқылауға Сарқан қалалық округінің әкімі Амантай Орынбеков, Алмалы, Қарабөгет ауылдық округтерінің әкімдері Асқар Тұрғанбеков, Мақсат Кәріпжанов шығып көтеріліп отырған мәселелердің өз аумақтарындағы жай-күйімен бөлісті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы аталмыш мәселелерге орай ауыл әкімдеріне, мекеме-бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: