Өзекті мәселелер талқыланды

Жуырда аудандық әкімдікте ақпараттың түсіндіру тобын аттестациялау болып өтті. Дін мәселелері жөнінде бұл топтың кезекті отырысы АТТ құрамындағы мүшелердің біліктілігін арттыру мәселелеріне арналды. Аталмыш шара негізінде арнайы комиссия құрылып, белгіленген сұрақтар шеңберінде АТТ құрамын аттестациядан өткізіп, қорытындысын шығарды. Сонымен бірге осы топтың жыл бойғы атқарылатын жұмыстар реті сараланып, кейбір күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер талқыланды. Топ мүшелері сондай-ақ кезек күттірмес мәселелерді ортаға салып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: