Жұмыспен қамту жол картасы аясында 45 жоба жүзеге асырылуда

Сарқан ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасымен инфақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

“Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы бойынша 1 млрд.603 млн. 551 мың теңге сомасына 45 жоба жоспарланған.

45 жобаға жалпы 427 уақытша жұмыс орны құрылады, оның 214 адамын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тарту жоспарлануда.

Оның ішінде:

•Жол жөндеу жұмыстары бойынша 19 жобаға 83 адам жұмысқа тартылады.

•Білім бөлімінің мектептерін жөндеу жұмыстарына бойынша 20 жобаға 49 адам жұмысқа тартылады;

•Мәдени объектілер жөндеу жұмыс-тары бойынша 1 жобаға 33 адам жұмысқа тартылады;

•Тұрғын үй-коммуналдық объек-тілерін жөндеу жұмыстары бойынша 3 жобаға 18 адам жұмысқа тартылады;

•Сарқан қаласындағы 9 көп қабатты үйлердің алдын жөндеу жұмыстарына 1 жобаға 26 адам жұмысқа тартылады;

•Туризм саласын дамыту 1 жобаға 5 адам жұмысқа тартылады.

Мәліметпен бөлісу: