Жаңа бастамалар жарқын болашақ үшін

Жастар – болашақтың тұтқасы, елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Қаңтар айының 23 күні «Нұр Әлем» кешеніңде Елбасының қатысуымен «Жастар жылы» ресми түрде өз бастауын алды. «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында» Елбасының бұл сөзі әрбір жастың көкейінде болуы тиіс. Себебі, осы қасиеттер бір жастың бойынан үйлесім тапса бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасты деп білемін. Биылғы жастар жылында үкімет бізге не береді деп емес, біз ел әлеуетінің жақсаруына қандай үлес қоса аламыз деген қағида ұстануымыз тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы» жастарымызға тікелей байланысты. Сол себепті Елбасының жолдауын ыстық ықыласпен қарсы алып, жастар жылына зор үмітпен нық қадам басуға дайынбыз. Жастар өз жұмысын еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз да алыс емес.

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөле отырып, ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолында ел ағаларының еңбектерімен көрсетер игі істері жетерлік. Елбасының жолдауына қолдау білдіріп, Лепсі ауылдық округі жастарының атынан Елбасы жастар саясатымен жаңа бастамаларды қолдаудағы қамқорлығына, жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктері үшін алғысымызды білдіреміз.

Мадина Смакова,

Лепсі ауылының жастар ісі бойынша әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: