Жаңа қоныс иесі атанды

1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні  мерекесі қарсаңында Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылының тұрғыны, көп балалы ана Джаманбалина Алмагүлге ауыл әкімінің баст  амасымен Көкжиде ауылының жастары және ауыл тұрғындарының демеушілігімен үй кілті табысталды. Көкжиде ауылының тумасы аталмыш азаматша осылайша жер үйдің иесі атанды. Бұндай қуанышты жаңалықты ауыл әкімі Г.Серікбаева жеткізіп, көп балалы анаға үйдің кілтін  салтанатты жағдайда табыстады.

“Ауылымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі  төрт баланың анасына міне үйдің кілтін табыстап отырмын. Мұндай жұмыстар әрі қарай жалғасын таба беретін болады”, – деді ауыл басшысы. Қоныстойында дәмі кетпеген дәстүріміз бойынша шашу шашылып, ауыл имамы  С.Досмурзанов  ақ батасын берді. Қуанышында шек болмаған Джаманбалина Алмагүл «Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдім. Үй жалдап, күн кештік. Енді өзіміздің жеке шаңырағымыз бар. Ауыл әкіміне, жалпы жұртшылыққа рахмет»,- деп өз тараптарынан ауыл әкімдігіне, ауыл жастары мен тұрғындарына шексіз алғысын жеткізіп, қуанышымен бөлісті.

Мадина Смакова,

Лепсі ауылының жастар ісі бойынша әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: