Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

Қарғалы ауылының тумасы, “Ақниет” мешітінің имамы Карамулдинов Талғат Қастайұлы өткен аптада облыс орталығы Талдықорған қаласына барып, облыс әкімі А.Баталовтың қолынан “Үздік діни қызметкер” номинациясы бойынша марапатталып келді.

Талғат аға Қарғалы ауылының дамуына бірқатар жұмыстар жасады десек артық емес. Ауылдағы мешіт құрылысын ұйымдастырып, халық қолданысына беріп, діни сауаттылықты дамыту жолында шәкірт тәрбиелеуде. 2018 жылы ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, қоғамдық асхана (қатымхана) құрылысын бастап, биыл халық қолданысына берді. Ауыл тұрғындарына қай салада болсын көмек қолын созатын, білімді имам Талғат ағамыздың еңбегі бағаланып жатқанына ауыл тұрғындары дән риза.

Д.Авгумбаев,

Черкасск ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: