ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖЫЛЫ – МОЛ МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеміз. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Оның бір дəлелі  Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы. Биылғы жыл – жастар жылы! Сондықтан, жастарымыз тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп, бүгінде тек алға ғана ұмтылуы керек.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және солай болып қала береді де. 2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жастарға жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлініп, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілгенін көрсетеді. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім берудің, денсаулық сақтаудың, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары: «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған. Қазіргі таңда, Елбасының тапсырмасына сәйкес ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Ауыл жастары» бағдарламасы негізінде «Дипломмен – ауылға» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде жастар аудан экономикасының қай саласында да нәтижелі еңбек етіп жүр. Бұл деген алдағы уақытта жастардан зор үміт күтеді деген сөз. Аудан жастары жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып шығатынына сенімдімін.

М.Дуанов,

Екіаша ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы,

Мәліметпен бөлісу: