ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ!

2018 жылы 26 қыркүйек күні  Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында «Адал жол-Честный путь» марафонының туы мен кітабын Талғар ауданына табыстау іс-шарасы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры – Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев, Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры – Арман Тілектесұлы Бердалин, Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы  қатысты. Іс-шара барысында А. Бердалин марафон аясында өткізілген шаралар елімізде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.  Сондай-ақ, Жамбыл ауданының «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері өнерлерін көрсетіп, жемқорлыққа қарсы бағытталған флеш-моб биін орындады.  Марафон туын қабылдаған Талғар ауданының өкілдері осындай іс-шараларды өз  аудандарында жалғастыратынын айтты.

Айта кетсек, бұл марафонның туы мен кітабы ағымдағы жылы 6 сәуір күні өткен «Парасыз болашаққа.Бірге» форумында Департамент тарапынан бірінші болып Алакөл ауданына табысталып, бүгінгі күні әр-түрлі шаралар өткізу арқылы облыстың 14 ауданын аралады. Марафон ағымдағы жылы 9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күні облыс орталығы Талдықорған қаласында өз мәресіне жететін болады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған Агенттік өкілдері Жамбыл ауданының активімен кездесіп, мемлекеттік қызметке қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

Мәліметпен бөлісу: