Жан жадыратқан «Жайдарман»

Жақында «Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығы» Сарқан қаласына 50 жыл толуына орай «Жайдарман – 2018» ойынын өткізді. Ойынға «Арай» сауда үйінің басшысы Асқар Сәкенұлы 100 000 теңге қаржылай қолдау көрсетті.

Шараның мақсаты: Қаламыздың төл мерекесін атап өту, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын арттыру. Аталған шараға облысымыздың бірқатар аудандары қатысты. Атап айтқанда  Алакөл ауданы – «Қалжың айтам», Ақсу ауданы – «Эффект», Ескелді ауданы-«Абу – Даби», Талдықорған қаласы-«Креатив» және «Жарлыөзек» командалары,  сондай-ақ қаламыздан: «Гимназия жігіттері», «Ойнап айтамын», «Я солай» құрамалары. Ойын қызықты да тартысты өтті.  Кешке арнайы Сарқан ауданының әкімі Разбеков Марат Мелісұлы және “Ағайындылар” тобының әншісі, өзіміздің жерлесіміз Ермекұлы Еркебұлан қатысты. Ойынға Республикалық жайдарман ойынының жартылай финалистері “Шапалақ” құрама командасы төрешілік жасады. Марапаттау рәсімі арнайы мереке аясында  М.Тынышбаев атындағы орталық алаңда өтті. Қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыс хаттармен  ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.

Нәтижесінде I – орын «Креатив» (Талдықорған қаласы 50 000 тг), II- орын «Жарлыөзек» (Талдықорған қаласы 30 000 тг), III- орын «Қалжың айтам» (Алакөл ауданы 20 000 тг).

«Жарлыөзек» құрамасының капитаны Хурметбек Есілжан “Үздік ойыншы”  номинациясына ие болды. Ойынның бас демеушісі «Арай» сауда үйіне алғысымызды білдіреміз!

 

А.Салимбеков

«Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының» маманы.

Мәліметпен бөлісу: