Жаны таза жас – біздің болашағымыз

Н. Островский атындағы мектеп-лицейінде 10 сыныптармен “Жемқорлыққа жол жоқ”  айдарымен “Адалдық сағаты” өткізілді.

Адалдық сағатына қатысқан оқушылар қоғамды ілгері дамыту үшін жаны таза, қолы таза, жүзі жарқын мамандар сапы нығая түсу керектігін өз сөздеріне арқау етті. Жиында сөз алған “Сарқан” газетінің бас редакторы Жомарт Игіман, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев  тәуелсіз еліміздің адал ұрпағының өсіп келе жатқандығына тоқталып, жастардың міндеттері мен парызын атап көрсетті.

А.Аппасова,

Н.Островский атындағы мектеп-лицей  директорының 

тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: