Жарыс жеңімпаздары анықталды

Жақында биылғы жастар жылына орай ардагерлер мен жастар арасында шахмат пен дойбыдан аудандық іріктеу турнирі болып өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бағдарламасына орай әрі өскелең ұрпақтың ой-өрісін, санасын шынықтыру, шахматтың жастар арасында кеңінен тарауына әсер ету мақсатында ұйымдастырылған шараға ауылдық округтерден үміткерлер көптеп қатысты.

Қорытындысында мынадай орындар белгілі болды. Шахматтан ардагерлер арасында І орынды Қапаш Забылханов иеленсе, ІІ орын Болат Қомашбаевтың, ІІІ орын Тілеулес Досанамановтың қанжығасына байланды. Ал жастардан озық ойынымен өзгелерден Ералы Нұржан ерекшеленсе, ІІ орынға Арнұр Қанатбекұлы, ІІІ орынға Дидар Асқар жайғасты. Дойбы додасындағы орындар былай белгіленді. Ардагерлерден І орын Гаухарбек Тойшыбаев, ІІ орын Дәуренбек Уанов, ІІІ орын Рахымжан Әбеужанның еншісіне жазылса, жастардан І орынды Есболат Асылбек, ІІ орынды Мадина Нұрмұхамбетова, ІІІ орынды Толқынай Мұқажан жеңіп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып әрі облыстық сайысқа жолдамаға ие болды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: