Жас мамандармен кездесті

Аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанат Мұқашев “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша мектептерде еңбек жолын бастаған жас мамандармен кездесті. Кездесуге ауданның барлық мектептерінен 26 маман және аудандық мәслихаттың депутаты Жомарт Игіман қатысты.

Кездесу барысында Жанат Мұхаметқалиұлы Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттің, ұйымдағы жастар саясатын жүзеге асырудың құралы ретіндегі ұжымдық шарттың маңызына тоқталып, Қазақстан Республикасының жастар саясатының негізгі мақсаттарымен, бағыттарымен таныстырды. Панар Әнуарбекқызы жас мамандардың тұрмыс жағдайымен, апталық жүктемелерімен танысып, ұстаздық қызметтің жауапкершілігі туралы ақыл-кеңесін айтып, туындаған сауалдарға жауап қайтарды. Жастар өз сөздерінде жаңа ортаға тәлімгерлерінің көмегімен бейімделгенін айтып, мектептің қоғамдық жұмыстарындағы өзіндік үлестерін ортаға салды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: