Жасөспірім және қылмыс

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ –нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру, құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету мақсатында Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының 9-10-11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және қылмыс» атты кездесу өтті.

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Кездесу барысында білім алушылардың алдында Сарқан ауданы АПБ-ң ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Абраим Аслан Ауасбекұлы сөз сөйледі. Спикерлер өз сөзінде жасөспірімдер арасында кең тараған құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында жасөспірімдер арасында жасалатын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу мен қалалық құтқару қызметтерінің жұмыс істеуіне қатысты сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: