Жас түлектерге – сәт сапар!

Мамырдың 25-інде аудан мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Биыл аудандағы 30 мектептің 421 жас түлегі үшін соңғы қоңырау соғылуда. Оның ішінде 55 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 14-і «Ерекше үлгідегі» аттестатқа үміткер болып отыр.

№1 орта мектеп гимназиясындағы соңғы қоңырау рәсіміне аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков қатысып, жас түлектерге сәт сапар, ақ жол тіледі. Ұлттың болашағы ұрпағында, ұрпақ тәрбиесі – ұстаз қолында екені белгілі. Сол себептен жас түлектерімізге  іздену, жақсы оқу, көп тілдерді меңгеру және тапсырғалы отырған ҰБТ-дан жемісті  нәтиже көрсетіп, жоғары оқу орындарына түсіп, еліміздің көркейіп-дамуына өз үлестерін қосу міндет.  Мектеп директоры Жекен Бершімбекова  аяқталғалы отырған оқу жылының жетістіктерімен бөлісіп, үздік  ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.

Жиын соңында жас түлектерге арнап, мектептің өнерлі оқушылары жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдап, түлектер мектеп вальсін билеп, ұстаздарына деген алғыстарын ақтарды.

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: