Жасампаздықтың 20 жылы

Бүгін алдымен «Отан» халықтық демократиялық кейін «Нұр Отан» болып аталған еліміздің басты партиясының құрылғанына 20 жыл. Сөзсіз әрбір Отаншыл жан еліміздің нығайып, толысқанын, халықаралық беделінің өскенін көрген кезде мақтаныш сезіміне бөленеді. Осынау іргелі істе «Нұр Отан» партиясының өзіндік үлесі барлығы дау тудырмайды. Қазіргі күні саяси жүйеміздің кескін-келбетін айқындаған «Нұр Отан» партиясы бүгінде мемлекетіміздің дамуында маңызды рөл атқарады.

Бағдарламалық құжаттары әр кезде де нақтылы әрі нәтижелі  «Нұр Отанның» мерейлі 20 жылдығы жақында аудандық орталық кітапханада «Нұр Отан – елмен етене, әлеуметпен әріптес» атты шара аясында атап өтілді. Алдымен аудандық орталық кітапхананың қызметкері – кеш жүргізушісі Лаура Құлымбетова бас партиямыздың қалыптасу, өсу, өркендеу жолынан мәлімет берді. Шараға арнайы шақырылған ауданның Құрметті азаматтары, партия ардагерлері Фатима Тажиева, Күлшарбан Қалиева, Қадыр Абдрахманов, Жәлел Сасанбаев  мерекелік лебіздерін ортаға салып, ел болашағын айқындайтын жастарға зор сенім білдірді. Шарада сондай-ақ 2018 жылдың қорытындысы шығарылып, үздік бастауыш партия ұйымдары марапатталса, белсенділерге «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық филиалдарының Алғыс хаттары табысталды. Тағылымды жиынды аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әнмен әрледі. Жиынды аудандық партия филиалының бөлім меңгерушісі Бауыржан Жантасов қорытындыласа,  соңында сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәкенұлы аудандық орталық кітапханаға алғыс ретінде елімізге белгілі сөз зергері Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының 24 томдығын сыйға тартты.

П.Жеңісхан.

Мәліметпен бөлісу: