Жастар – үкілі үмітіміз, сенімді тірегіміз

Сәрсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің жастар өкілдерімен кездесуіне “Дипломмен – ауылға”, “Жасыл ел”, “Серпін-2050”, “Жастар практикасы” мемлекеттік бағдарламаларының қатысушылары, “Көшбасшы” жас тар сыйлығының иегерлері, білім, денсаулық, мәдениет, спорт саласының жас мамандары, жас депутаттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, ауыл шаруашылығы мамандары, көп балалы жас отбасылар, жас кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылған болатын.

Билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орнатуды мақсат тұтқан іс-шара аудан басшысы Марат Разбеков,  бұл кездесудің алдында ғана тағайындалған  жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дастан Қалиев  ортаға келген сәттен бастау алып, емін-еркін пікірлесуге мүмкіндік туды.

Жүргізушілер басқосудың мақсатын жариялаған соң аудан әкіміне жастар тарапынан сауалдар қойылды. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев “Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек” деген ұлағатынан туындайтын бағыт-бағдарды іс жүзіне асырудағы жастардың белсенді жұм ыстары сұрақ-жауапқа арқау болды. Ресми жағдайда айтыла бермейтін әңгімелер де қозғалды. Марат Мелісұлы жастардың сауалдарына орай ата-анасының тағылымы, әкесінің әрқашан жадында жүретін өсиетімен бөлісті.

Жастар бұл жүздесуде аудан басшысының алдағы жоспарларымен танысты, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі туралы, жас буынға көзқарасы хақында ой-пікірлерін білгісі келді және өздерінің арман-мақсаттарын ортаға салды. 

Ашық пікір алмасу қос тарапқа да ұнаған сыңайлы. Мұндай жылы жүздесу жастарға жігер, тың серпін берері анық.

Ж.Мақатұлы.

Мәліметпен бөлісу: