Жастар – жарқын болашақ

2019 жыл Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен – Жастар жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай  жақында Лепсі ауылдық округінде ауыл әкімдігінің жастар ісі бойынша әдіскер нұсқаушысы М.Смакова, білім және мәдениет саласының қызметкерлерімен  бірлесе ұйымдастыруымен, «Жастар – жарқын болашақ» атты жастар форумы өтті. Форумның ашылуы залға жиналған жастардың ҚР Мемлекеттік Гимнін жанды дауыста хормен айтудан бастау алды. Осыдан кейін ауыл әкімі Г.Серікбаева құттықтау сөз сөйлеп, айтулы жылға үлкен үміт пен зор сенім артылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, форум барысында мекеме басшылары, жастар ісі бойынша әдіскер нұсқаушысы мен белсенді тараптар сөз алып, белестерді бағындырудағы жетістіктерімен бөлісті. Әрине, ұстаздар қауымы үшін де диалогтық алаңда сөз беріліп, бала тәрбиесінің маңыздылығы айтылды. Жалпы, жастар саясатын дамыту, жастардың жарқын болашағымыз, кемел келешегіміздің кепілі екендігі Елбасының әр жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын жолдауынан тыс қалған емес.  Мақсаты: Жастардың бойында еліміздегі саясатқа көзқарастарын қалыптастыру, Елбасының жолдауын түсіндіру және насихаттау, жастарды белсенділікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу болып табылады.

Мадина Смакова,

Лепсі ауылының жастар ісі бойынша әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: