Жастар Жолдауға үн қосты

Биылғы жыл елеулі, маңызды жаңалықтармен басталды. Мәселен, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуге кірісті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланды.

Бұл тарихи маңызды, болашағымызды заманның ағымына қарай айқындайтын құжат. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Біз жастар бұны ерекше абыроймен, өміріміздің маңызды бөлшегі ретінде қабылдаймыз. Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды.

Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны – Қазақстан халқының жалпы ұлттық рухын арттыруға күш берді. Сонымен бірге алдағыны болжап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қазақстандықтарды, бүкіл мемлекетті әлемдік өркениетке жетелейтін, көреген Елбасы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді.

Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолына жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат.Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде Жастарға зор жауапкершілік жүктейді.

А.КУБЕНТАЕВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: