Жастар жылы жаңаша жаңғырудың бастауы

Рухани жаңғыру – ол Қазақстан үшін әр қазақтың ішкі әлемінің жаңғыруы, сана – сезімі, өзгерістерді қабылдай білуі.

Рухани жаңғыруды қазақ өркениетінің өрге жүзуімен байланыстыратын едім. Оған дәлел тұнып тұрған тарихымыз. Көне замандағы көрікті қалаларымыз бен сән-салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлғартпас айғақ дер едім.

Ендігі кезек 21 ғасырдың тарихи тарауында руханиятымызды жаңаша қалыпта жаңғырту. Осы үшін Елбасымыз “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласын ұсынды. Ол үшін алты бағытты белгілеп берді. Нақты айтсақ  Бәсекеге қабілеттілік, Прагмагизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Қазақстанның  революциялық  емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы. Осы бағыттар  барынша өзектілігімен уақыттың  талаптарына нақты жауап береді.  

Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы-жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті ұрпақтан –ұрпаққа қонатын дана сөзге айналды. Соның дәлелі сананың жаңғыру жолындағы   2019 жылды Жастар жылы  деп жариялады. Бұл жыл барша қазақ жастары үшін қайталанбас сәт дер едім. Қазіргі уақыта адамзат  билігін білекпен емес,  біліммен бағындырудың заманы. Бұны біз, жастар, анық  сезініп білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюдамыз. Бұның бәрі ел ертеңі үшін жасалуда. Көп ұзамай әлем жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар  мен спортшылар туралы естіп білетініне сенеміз.

Ел болашағы – жастарда яғни бізде. Осы айтулы міндетті абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз. Жастар жылы жаңаша жаңғырудың бастауы боларына сенеміз!

Үміт Айқын,Сарқан гуманитарлық колледжінің студенті

Мәліметпен бөлісу: