Жастық қайратымыз – егемен ел игілігіне

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынып, жақында оны салтанатты түрде ашып берді. 

Осыған байланысты біз, Қазақстан жастары өзімізді осы жылға лайық екенімізді көрсете білеміз дегенге сенімім мол. Еліміздің  алға қарай бет алуына ықпал етуші, ілгерлетуші, жетекші күш жастар, біз екеніміз ақиқат. Әрбір Қазақстан жастарын, яғни бізді мен елім үшін не істей аламын?-деген сұрақ мазалау керек. Сонда ғана біз дамыған 10 мемлекеттің қатарына кіріп, елімізді бүкіл дүние жүзіне танытамыз. Әрқайсымыз бойымыздағы жалқаулықты жеңіп, көкірегі ояу, бәсекелестікке қабілетті, білімді азаматтар болуымыз керек. Тарихқа көз жүгіртсек атамыз Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің аз ғана ғұмырында шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы бола білді. Өзінің қысқа ғұмырында  адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың өнегесін барша болмысын дәлелдеп үлгерді. Біз аға буынымыздың еңбегіне қарап үлгі алуымыз керек.

Елбасының жастарды қолдауға бағытталған бес бастамасы бізді ерекше жігерлендірумен қатар жауапкершілік жүгін арттырды. Біз Қойлық ауылының жастары сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреміз!

А.Сарбопаева,

Қойлық  ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.    

Мәліметпен бөлісу: