Жасыл желек – жанға сая

Өткен сенбі күнгі Республикалық көшет отырғызу науқаны ауданымызда кең көлемде аталып өтті. Округ әкімдерінің және санитарлық тазалық айлығына жауапты  штаб мүшелері берген мәліметтерге сүйенсек өңіріміз бойынша 18 мыңға жуық әр түрлі бағыттағы жас көшеттер отырғызылды. Аталмыш шараға мекеме-ұжымдар, жеке кәсіпкерлер және тұрғындар белсене атсалысып зор  үлестерін қосты.

Тек Сарқан қаласының өзінде  осы күні 5 мыңға жуық көшеттің құнарлы жерге отырғызылуы жұмыс ауқымдылығын айғақтайды. Шапағатты шараға белсенді көмек көрсеткені үшін «Жоңғар – Алатау» МҰТП ұжымына алғысымыз шексіз. Аталмыш мекеме демеушілік көрсетіп 1500 түп әр түрлі  жас өскіндерді аудан орталығы Сарқан қаласына сыйға тартты. Жыл санап  саялы Сарқанымызда жасыл желектер саны артып, аудан тұрғындарын, қонақтарды қуанышқа кенелтуде. Игілікті, ортақ іске аудан тұрғындары келешекте де белсене қатысады деп сенеміз.

 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: