Жат ағымнан сақтанайық

Қаңтар айының 9 – 18 күндер аралығында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» бойынша «Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Сарқан қаласының Ақын Сара атындағы орта мектебі және Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залыңда «Жат ағымнан сақтанайық!» атты кездесу өтті.

Кездесудің бас-ты мақсаты – әлемде төніп тұрған діни экстремизмнен жастарымызды сақтау, басқа діни жат ағымдардан сақтау, діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін ояту, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Кездесу барысында оқушыларға «Терроризмге жол жоқ» атты бейне фильм көрсетілді және таратпа құралдары таратылды. Жастар ресурстық орталығының оқушыларға арнайы дайындалған сұрақтары қойылды. Шараға қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Тукушев Аман Балтабекұлы, Сарқан ауданының имамы Асқарұлы Серікбек және Сарқан қаласының имамы Ақан Ербосын, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Абділда Алмат Дүйсенбекұлы және Сарқан қала әкімі аппаратының жастар ісі жөніңдегі әдіскер-нұсқаушысы Салимбеков Ануар Бердібекұлы қатысты.

Алмат АБДІЛДА,
Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі.

Мәліметпен бөлісу: