Желілік кестеге сәйкес

Сайлау қарсаңында «Жоңғар Алатауы» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Кубентаев Аслан Нұрахметұлы және Абдрахманов Қадыр Сакенұлы ұжым қызметкерлерімен кездесіп, «Nur Otan» партиясының атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырылып алдағы келе жатқан сайлауға  қатысуға үндеді.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы жарты айдан астам уақыт өтті. Жер-жерде үгіт жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Желілік кестеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жомарт Игіман Ардагерлер үйінде ауданның белсенді жастарымен және ардагерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы насихатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының ХХ съезінде сөйлеген сөзінде партияның жетекші роліне тоқталған болатын.

–      Қазақстан жеткілікті деңгейде берік негізге ие болып отыр, – деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы.-Өйткені ең алдымен, біздің қаржы ресурстарына негізделген нақты жоспарымыз бар.  Депутаттыққа үміткер Жомарт Игіман мемлекетіміздің реформаларды жүзеге асыру барысында партияның зор әлеуетіне сүйенетіндігін айтып, партияның аудандық филиалының бесжылдық жоспарын өз сөзіне арқау етті.

Өткен аптада партияның сайлауалды штабының мүшелері Лепсі өңірі тұрғындарымен кездесті. Көктерек, Лепсі, Қарашыған ауылдарында өткен кездесулерде партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аслан Кубентаев, Жомарт Игіман аудандық филиалдың бесжылдық жоспарындағы кездесу өткен елдімекендерге қатысты оң өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Өз кезегінде штаб мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Мұрат Түсіпов сайлауалды іс-шаралардың барысын әңгімелеп, билеуші партияның алда тұрған міндеттерін атап көрсетті.  

Әр деңгейдегі мәслихат депутаттарына кандидаттар түрлі форматта кездесулер өткізіп, берілген уақытты барынша тиімді пайдалануға әрекет етуде. Сондай кездесулердің бірі Қарабөгет ауылында болды. Аудандық сайлауалды штаб мүшесі  Мұрат Түсіпов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аслан Кубентаевтың елді мекен тұрғындарымен кездесуінде «Nur Otan» партиясының Сарқан аудандық сайлауалды бағдарламасы атап көрсетіліп, алдағы бес жылға жасалған жоспарлар сараланды.

Аудандық сайлауалды штаб мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Аслан Кубентаевтың Черкасск ауылындағы үгіт-насихат жұмыстары жүйелі жүріп, ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясы тарапынан  атқарылып жатқан іс-шаралармен жете танысты. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, талқыланды.

-Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ! Сондықтан біздің партиямызды қолдап, 10 қаңтарда азаматтық белсенділік танытытып, өз болашағымыз үшін дауыс беретіндіктеріңізге нық сенімдіміз,- деп мәлімдеді ақпараттық топ мүшелері.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Асхат Искаков Лепсі, Көктерек  ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша партияның сенімді өкілдері “Нұр” арнаулы көмек көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Nur Otan партиясының ХХ съезінде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттер мен  партияның жетекші ролі жан-жақты түсіндірілді.

Мәліметпен бөлісу: