Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел!

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың көбейіп бара жатқаны бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.Жемқорлыққа ұрынып жататын мемлекетік қызметкерлер мен басқа да лауазымды орындарда отырған азаматтар екені белгілі.Осы жерде адам жемқорлыққа не себепті барады? деген сұрақ туындайды. Жемқорлыққа барған адамның жүрегі тас па деп те ойлаймын немесе еті үйреніп кеткен болса керек. Жолдан ақша жатса алуға қорқамыз,милиондап қалай алады,неге қорықпайды деп тағы ойлайсын.Осының бәрі заңымыздың жұмсақтығынан болса керек.Қомақты пара алғандардың,түрмеде көп отырмай бостандыққа шығарылғанын көріп жүрміз.Ендеше «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қатаңдату керек.Осы бағыттағы заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасыларына шетелдік банктерден шот ашу тыйым салынды. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі тоқтатылды. Үшіншіден, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соттардың пара беру кезінде делдалдық жасағандарға санкциялары күшейтілді. Бұл бастамалардың барлығын мәжіліс мақұлдап, қазіргі уақытта сенат қарауына жіберілді. Мұның барлығы жемқорлықты түбегейлі жою мақсатында қабылданып жатқан шаралар», – деді Алик Шпекбаев.

Сондай-ақ жемқорлықпен күресудің келесі әдісі ретінде халқымызыдың салт-дәстүр,әдет-ғүрып,тиымдарын тиімді қолдана біліуіміз керек деп ойлаймын. «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы», «Біреудің ала жібін аттама»  деп өткен ата-бабамыздың ұрпағымыз.Ата бабамызыдың қазіргі сөзбен айтқанда идеологиясы осы болған.Мемлекет тарапынан ұлтың сана-cезімін оятуға арналған бір қатар іс-шаралар жүріп жатыр.Атап айтқанда «Мәңгілік ел»,«Рухани жаңғыру» идеялары.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге бей-жай қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Адамдардың санасы төмен болса, ұлттық рухани құндылықтарымызды дұрыс бағаламаса, олардың патриоттық сезімі де әлсіз болады.   Патриоттық сезім болмаған жерде отанына деген сүйіспеншілік, халқына деген жанашырлық болмайды.Сондықтан жемқорлықпен күресте идеалогияның да алар үлесі зор.Ұзын сөздің тобықтай түйінін айтсам,сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте,заң мен  идеологияны басты назарға алып жүйелі жұмыс жасалу керек деп ойлаймын.

Н.Байжуманов,

 Ақын Сара атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: