Жетісу-адалдық алаңы

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында аудандық мобильдік топ түсіндірме жұмысын жүргізуде. Сарқан ауданында «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мәслихат депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері т.б. мүшелерінен құрылған мобильді топ жұмыс істеуде. Аталған мобильдік топ мүшелері 25-29 сәуір күндері аралығында ауданның 3 еңбек ұжымында болып,  «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, агенттіктің бастамалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мобильді топ мүшелері алдағы уақытта барлық еңбек ұжымдарымен  кездесуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жіберілген көрнекі үгіт материалдары Сарқан ауданы бойынша адам көп шоғырланатын жерлерде, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау орындарында, қала, ауылдық округтерде жаппай таратылуда.

Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және электрондық форматқа ауыстыру бойынша «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес 22 сәуір күні арнайы мониторингтік топ мүшелері  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Сарқан аудандық орталық  ауруханасында және қалалық емханасында талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау талаптарына аса көңіл бөлінді. «Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелердің ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет алу барысында қолайлы әрі кедергісіз жағдай жасауды және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстел өткізіліп, нақты ұсыныстар қабылданды. Топ мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Талдау парақшалары толтырылып мекемелердің өкілдеріне тапсырылды.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» принципін жүзеге асыру мақсатында Лепсі ауылы К. Ушинский атындағы орта мектебінде ашық кеңістік технологиясы – «Open Space» қағидаты бойынша мектеп директорының кабинеті ашылды, бұл әрі өзін-өзі ұйымдастыру үдерісі болып табылады. Мұнда жұмысты жан-жақты жүргізу үшін барлық жағдай жасалып, бөлме кеңсе жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыс аудан көлемінде жалғасын табатын болады.

Айта кету керек, “Жетісу – адалдық алаңы” жобасының басты мақсаты болып сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жалпыға ортақ сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру, Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады. Ал жобаны іске асыру үшін мемлекет басшысының “Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру” Жолдауы негіз болып табылады.

Мәліметпен бөлісу: