“ЖЕТІСУ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ” ТОҒЫЗ АЙДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ


ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде», – деп айқындап өткен болатын. Алматы облысы көлемінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою саясатын қалыптастырып, халыққа қолайлы жағдай жасау мен мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Jetisý – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі жұмыс атқаратындығы бәрімізге мәлім. Осыған орай, «Jetisý – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ағымдағы жылдың 9 айында қандай жұмыс атқарды, қандай нәтижеге қол жеткізді, сол туралы қорытынды есепті назарларыңызға ұсынамын.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «ISO 37001 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ» Алматы облысы бойынша «Jetisý – adaldyq alańy» жобалық кеңсе менеджерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тың идеяларды игеріп, Халықаралық жемқорлықпен күрес саясатымен танысып, Республика көлемінде бірінші болып біліктілігін арттыруда, қазіргі таңда сертификаттаудың екінші кезеңін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, жобалық кеңсе менеджерлері ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің семинарынан өтіп, сертификатталған қызметкерлер қатарында өз қызметін жалғастыруда.

Мониторинг, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда елеулі орын алатын жүйелі жұмыстарының бірі екендігі айқын, осыған орай, 2021 жыл басынан бері 92 мониторинг келесі салалар бойынша жүзеге асырылуда: дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағаларының шектік бағасына, дәріхана қоймаларына, QR код-тарға, «Сервистік әкімдіктерге» және ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсетуге, көліктік бақылау инспекция саласына, жатақханаларда білімгерлерге өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мақсатында, ұлттық бірыңғай тестілеуге және басқа бағыттар бойынша жүргізілді.

Жыл басынан бері «Парасаттылық орталығы» облыстың барлық 20 ауданында ашылды. Орталықтың басты мақсаты – халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету
https://www.instagram.com/p/CVez54FINJu/?utm_medium=share_sheet

Мәліметпен бөлісу: