Жиын арқауы – жас буын тәрбиесі

Жуырда Ардагерлер үйінде аудан бойынша ауылдық округтердегі «Әжелер алқасының» төрайымдары бас қосып  «Ата-бабалар дәстүрі-ұрпаққа аманат» атты бағдарламаның орындалу туралы және осы бағдарламаның аясында «Жастар жылына» орай жастар мен жасөспірім арасындағы тәрбие жөніндегі іс шаралар жайында ақылдасты.

Сарқан аудандық «Ардагерлер ұй ымы» филиалының жанындағы «Әжелер алқасының» төрайымы Ш.Асқарғалиева осы мәселе бойынша хабарламасында -«Ата-бабалар дәстүрі-ұрпаққа аманат» атты бағдарлама аясында  жылда қорытында жасап, жеңімпаз мектеп ұжымын айқындаймыз. Ал бүгінгі отырысымызда талқылайтынымыз ол «Жастар жылы» жастар мен жасөспірім арасында өткізілетін іс-шаралар. Аға буын – аталар мен әжелер отбасындағы өскелең ұрпаққа халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттап, ұлттың озық үлгілері арқылы жастардың рухани байлығын арттыруға үлесін қосу. Халқымыз ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы,  тағдыры деп білген. Ең бастысы әрбір жеткіншектің тәлім-тәрбие алар алтын ұясы – туып-өскен шаңырағы. Бұл жайда айтатыным   бала тәрбиені отбасынан алады.Үйде көргендерін жасауға тырысады. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады…» деген.  Бала тәрбиесіне үйде де,түзде де жан-жақты көңіл бөлу керек. Қазіргі нарық кезіңде ата-ананың жұмыс бастылығы және баласына дұрыс көңіл бөлмеуі баланың дұрыс қалыптаспауына әкелетіні сөзсіз.Сол себепті жастармен жұмыс жасаумен қатар  ата-анасымен де жұмыс жасаумыз керек деген баяндамашы осы айтылғанның бәрі аталар мен әжелердің қазіргі кездегі басты  міндеттері екендігіне тоқталып, жыл басынан бері Сарқан қаласында ата-әжелер қатысуымен бес мектепте жас мамандармен «Жастар жылына – ардагерлердің батасы» атты тақырыпта кездесулер өткізілгендігін жеткізді.

Өз кезегінде Лепсі ауылдық ардагерлер «Ардагерлер ұйымының» жаныңдағы «Әжелер алқасының» төрайымы Жайдары Қалыбаева  – алыс аймақта орналассақ та іс-шаралар өткізілуде.Ауылдағы мектеп,қоғамдық ұйымдары жастардың тәрбие жұмысын  ұйымдастыру біздің міндетіміз деп санаймын. Сондықтан жоғарғы айтылған шараларға қолдан келгенше ат салысуға дайынбыз,- деді.

Аудандық «Әжелер алқасының» мүшелері,  Қойлық ауылының «Әжелер алқасының» төрайымы Мағад Наурызбаева, Екіаша, Амангелді, Бірлік ауылдарының «Әжелер алқасының» төрайымдары Нұрсара Исаева, Есбала Сүдірбаева, Майра Қарабаева аталмыш іс-шараларды бірауыздан  қолдайтындықтарын білдірді. Осыған орай отырыста «Ата-бабалар дәстүрі-ұрпаққа аманат» атты бағдарлама аясында «Киелі бесік» тақырыбы бойынша әжелер мен жас, орта буын ата-аналар өкілдерімен аудандық форум өткізуге ұсыныс мақұлданды.         

Ш.Асқарғалиева,

аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: