«Жоңғар Алатауы» МҰТП-ның тарихи ескерткіштері

Жоңғар Алатауы МҰТП экологиялық, мәдени, тарихи және эстетикалық құндылығы жоғары табиғи таулы ландшафттарды өз қалпында сақтап қалу мақсатында құрылған. Парк Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан және батыстан шығысқа қарай 300 км созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 4622 м биіктікте Семенов-Тянь-Шаньский шыңы орналасқан. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің оңтүстік шекарасы Қазақстан Республикасы және Қытай мемлекеттік шекарасының қорғау аймағымен өтеді. Батыс шекарасы – Үлкен Айдаусай өзен алқабы. Солтүстік шекарасы – Желдіқарағай тауының етегімен Сарқан өзенінен өтіп, ары қарай Марқатау тау бөктерімен Тополевка ауылына дейін топырақты қара жолмен Лепсі ауылына дейін, одан тау бөктерімен Тентек және Инелі өзендерінің біріккен сағасынан өтеді. Ары қарай Жумақ тауынан Безымянный ключ өзені алқабымен Тастау өзеніне дейін, батысқа қарай Екінші Тентек өзен алқабымен оңтүстікке қарай Қытай мемлекетімен шекараға дейінгі аумақты алып жатыр.

«Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағындағы археологиялық ескерткіштер: 

Үйгентас қорымы – «Үйгентас» шекара бекетінен солтүстігіне қарай, Тентек өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан (ерте орта ғас.темір дәуірі). Үйгентас қорымына 150 қорғандар кіреді, Тентек өзенінің бірінші терассасы алаңында 500х1000 м аумақты алып жатыр. (Б.з.д I мың.ж – б.з.д I мың.жыл).  – қорғандар – Сарымсақты өзенінің алқабында, Қарағаш тау бөктерінен солтүстік-батысқа қарай орналасқан;  – қорғандар – екі қорымнан тұратын Жүнжүрек, Көктебе асуларында (1814 м); – қорған, обалар – 20-ға жуық іргетасы бар Ағынықатты өзенінің орта және жоғарғы ағысы, Лепсі ауылының оңтүстігінде – қорған – көне темір дәуірін сипаттап тұратын Шұбарағаш алқабында, Лепсі өзенінің жоғарғы ағысы; – қорым – Сарқан қаласынан шығысқа қарай 4 км, Екіаша ауылына дейінгі жолдың екі жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан; – қорым – Сарқан қаласынан шығысқа қарай 5,1км, Екіаша ауылына дейінгі жолдың оң жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан; – қорым – Сарқан қаласынан шығысқа қарай 6,3 км, Екіаша ауылына дейінгі жолдың оң жағында, көне Жетісу өңірінің көшпенділерінің мәдениетін сипаттайтын 3 қорым орналасқан; – петроглифтер – Қарыпша шатқалында, Инелі шатқалынан оңтүстікке қарай, жартаста жануарлардың сутеттері қашалып салынған; – петроглифтер – Сарқан қ. Шығысқа қарай 7 км, Басқан өзенінің сол жақ жағалауының жартастарында жабайы жануарлардың суреттері салынған; – Лепсі ауылында «Никольский шіркеуі», ескі «Попков үйі» орналасқан; – Лепсі спирт заводы, абақты ғимараты; – VI-VII ғасырлардағы «Обатас» тас қорымы; – шекара қорғаны – орта ғасырдағы Әмір Темір мемлекетінен қалған (ХІІІ-ХІVғ.) ескерткіш ретінде қойылған.

А.Нургожанов,

«Жоңғар Алатауы» МҰТП Басқан ИБ мемлекеттік инспекторы.

Мәліметпен бөлісу: