«ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

АГЕНТТІК пен «АТАМЕКЕН» ҰКП-мен ЖАСАСҚАН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ  ЖАСАЛЫНДЫ

Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаментімен Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2018 жылғы Жасасқан өзара ынтымақтастық туралы Жол картасы шенберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осы арада, «Жол карта» аясындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өткізілген семинар-жиналысында қарастырылды. Аталған іс-шараға Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының, Алматы облысының Әділет департаментінің, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының және Алматы облыстық мәслихатының қызметкерлері қатыстырылды.

«ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

  1. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау барысында Департаменттің қызметінде 17 сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды. Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен сыртқы талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті шаралар қабылданды.
  2. Сонымен қатар, Агенттіктің Алматы облысы Департаментімен реттеушілік құралдарды тауып алу мақсатында 2016-2017 жылдарғы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларына, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жұмыстардың қорытындылары бойынша Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тиісті ұсыныстар енгізілді.
  3. Агенттіктің Алматы облысы Департаментімен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзған лауазымды тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құқық қолдану тәжірибесіне және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған және материалдық шығын келтірген лауазымды тұлғаларды азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құқық қолдану тәжірбиесіне талдау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаментімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және қылмыстық заңнамасын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
  4. Агенттіктің Алматы облысы бойынша Департаментімен Қазақстан Республикасының “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінің ашықтығы мен қол жетімділігіне және мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына талдау жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша облыстың көптеген мемлекеттік мекемелерімен Қазақстан Республикасының “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Заңының 16-бабында көрсетілген талаптары сақталмағаны анықталды. Сонымен қатар, “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 14-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Алайда, талдау барысында мемлекеттік мекемелердің көптеген сайттарында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттың сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осы арада облыстың барлық мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Заңының 16-бабын сақтау бөлігінде тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

 

МҚІжСЖҚІҚА Алматы облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: