Жылдар жемісі

Ұстаздық еңбектің қыр-сырын терең меңгерген, әріптестерінің сый – құрметіне бөленген Жусупова  Халима Уахитовна  мақтаулы ұстаздарымыздың бірі. Ұрпақ болашағы –  білім саласында 28 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Халима Уахитовна  мамандығын мақтан етеді.

Көктеректің киелі топырағында дүниеге келіп, М.Маметова орта мектебінен түлеп ұшқан Халима Уахитовна  1986 жылы Қазақтың Мемлекеттік  қыздар педагогикалық институтының  тарих факультетін бітіріп өзі білім алған мектебіне оралып, тарих пәнінің мұғалімі болып алғашқы еңбек жолын бастайды. Оқушыларға білім мен тәрбие беру барысында халқының өткен тарихын білуге деген ынтасын арттырып, өз елі мен жерін сүю білуге, болашақта білімді азамат етіп тәрбиелеуде өз үлесін  қосып келеді.Заман талабына сай түрлі семинарлар мен трениингтерге қатысып өзінің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын үнемі шыңдап отырады. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, өлке тарихын насихаттауда жанашырлық танытушы. Ұзақ жылдар бойы мектепте кәсіподақ ұйымының төрайымы болып, әріптестері мен шаруашылық жұмысшыларына ақыл – кеңесін беріп, қолдау көрсетіп отырады. Ұстаздың еңбегі бір төбе болса кәсіподақ саласындағы сіңірген еңбегін ерекше айтуға болады. Білімді, алғыр кез келген жаңа тәжірибені меңгеруде шапшаң болмысымен ерекшелелетін Халима Уахитовнаның еңбек жолы жемісті, әріптестерінің арасында беделді. Мектептегі мерекелік – шараларда кәсіподақ  комитеті атынан қолдау көрсетіп, көмек қолын ұсынатын басшы екенін ұжымдастары жақсы біледі. Еңбегі ескерусіз қалмай бірнеше мәрте марапаттарға  ие болды. 2016 жылы «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»  төс белгісімен марапатталды.Еңбек адамды өсіреді,көпті көруге тәрбиелейді және биік белестерді бағындырып, алға қарай жетелейді. Халыққа еткен еңбегінің жемісін көріп марапатын алудың өзі бір ғанибет.Қорыта келгенде көзге көрінбейтін, бірақ қиындығы мен қызығы мол осынау еңбек жолында  ұрпақ тәрбиесін басты назарда ұстап салауатты да сауатты дамуымыздың қадамдары сәтті болуына – бірімізге әріптес, бірімізге ұлағатты ұстаз, аяулы ана, ақылшы әпке, Халима Уахитовнаның еңбегіне  толайым табыстар  тілеймін.

Жанат Богатикова,

М.Маметова атындағы орта мектебінің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі,  1 деңгейлі мектеп  тренері.

Мәліметпен бөлісу: