№ 1 сайлау округі бойынша Сарқан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрқасым Ернар Саматұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен  Нұрқасым Ернар Саматұлы 25.03.1995 жылы Сарқан қаласында дүниеге келдім.  2016 жылы 1 тамызда «Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәжірибеден өтіп,  аудандық мәдениет үйінде заңгер,   аудан әкімі аппаратында бас маман-заңгер,  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы баспалдақтарынан өттім. Бүгінгі таңда аудандық «Мансап» орталығының басшысымын.    

Менің бағдарламамда № 1 сайлау округі бойынша өзекті мәселелер қамтылған. Мүм-кіндігінше сайлаушыларымның әлеуметтік тұрмысына көңіл бөлемін. Жұмыспен қамту көрсеткішін көтеремін, жұмыссыздықты азайтамын, қолдауға мұқтаж адамдармен, отбасылармен қарым-қатынасты үзбей, әлеуметтік көмекпен қамтылуын назарда ұстаймын. 

Жекелеген азаматтарды қабылдауда туындаған мәселелердің шешімін табуына үлес қосамын.

Түйіндеп айтқанда аудан тұрғындары мен билік арасында сенімді қатынас қалыптастыруға үлес қосамын.

Мәліметпен бөлісу: