№ 1 сайлау округі бойынша Сарқан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шүкірбаев Олжас Нұрғожаұлының сайлауалды бағдарламасы


Мен, Шүкірбаев Олжас Нұрғожаұлы 1996 жылы 19 ақпанда Талдықорған қаласында дүниеге келдім. 2014 жылы Сарқан қаласындағы Ақын Сара атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы әскер қатарына шақырылдым да  Павлодар қаласында азаматтық борышымды өтедім. 2015 жылы Орталық Азия университетіне түсіп, 2019 жылы аталған оқу орнын заңтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Сарқан аудандық жұмыспен қамту орталығынан жастар практикасынан бастап, осы орталықта, аудандық кәсіпкерлік бөлімінде мамандығым бойынша қызмет атқарып, биылғы шілде айында «Аманат» партиясының филиалында кеңесші болдым.

2024 жылдың қазан айынан бері әдеп-құқық жөніндегі ментор қызметіндемін.

Сарқан қаласындағы өзекті мәселелер қатарында көшелерді асфальттау, көше шамдарын орнату, тозығы жеткен электр жүйелерін алмастыру міндет болып табылады.

Әлі де болса қалаішілік көшелердің қанағаттанарлықсыз жағдайы, көшелердегі қауіпсіздіктерді артыру үшін жарықтандыру мәселелері тұрғындарды алаңдатып отыр. Сонымен қатар аудан бойынша электр жүйелерінің тозығы жетуі сын көтермейді. Трансформаторлардың электр тарату күшін ұлғайту мақсатында жаңарту жұмыстарының қажеттілігі  күн тәртібінде тұр. Міне, осылайша менің ел сенімін иеленген кезде негізгі жұмысым жерлестерімнің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

Мәліметпен бөлісу: