
Мен, Доланбаев Берік Сегізбайұлы 1973 жылы 12 қаңтарда Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 1996 жылы тамыз айында Алмалы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде бастадым.
2006-2021 жылдары аралығында Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директор орынбасары қызметтерін атқардым. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Жетісу облысының Сарқан ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры лауазымын атқарудамын.
Менің сайлауалды бағдарламам төмендегі мақсат-міндеттерден тұрады:
2023 жылдың соңына дейін Алмалы ауылының мәдениет үйінің құрылысын аяқтау;
2024 жылға дейін Алмалы ауылының ауыз су мәселесін шешу;
2025 жылға дейін Алмалы және Абай ауылдарының ішкі көшелеріне жарық шамдар орналастыру, ішкі жолдардың жөнделуіне атсалысу;
Ауыл тазалығы-мәдениет ошағы. Абаттандыру жұмсытары бойынша ерекше әдемі, жаңа ағаштар, гүлдер отырғызу;
Абай ауылына бейне камерасын орнатуға күш саламын;
Ауылда электр тоғы тапшылығына байланысты қосымша электр трансформаторларын орнауға ықпал ету;
Ауыл бойынша жұмыссыздықты азайту. Ол үшін шағын бизнеске көңіл бөлу;
Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығын дамытуға күш салу.
.