
Алмалы ауылдық округіне әкім болып сайлана қалсам:
1. Осы кезеңге дейінгі алған білімімді және өмірден жинақтаған іс – тәжірбиемді округ тұрғындарының әл – ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсарту үшін және шаруашылық құрылымдардың экономикалық нығаюына жұмсаймын.
2. Алмалы ауылдық округінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу және ауылдық округтің даму динамикасын көтеру бағытында жұмыстар атқару. Ауылдық округ аумағында елдің береке – бірлігін сақтау, ел ішінде атқарылатын барлық іс шаралардың жүргізілу барысын ауыл ардагерлерімін ақылдаса отырып, шешім қабылдау, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттай отырып, ауыл жастарының тәрбиесіне аса мән беру.
3. Ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесемін.
4. Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйеге келтіріп, үнемі назарда ұстау.
5. Егде тартқан адамдар кешегі жастық шактарында денсаулықтарын түбегейлі шаруашылыққа салып, өздері үйде отырған қарт адамдарға, пейілімше көмек, ол кісілерге қаржылай ғана көмек емес, көбіне көңіл керек деп ойлаймын.
6. Ауыл жастарымен түбегейлі жұмыс істеймін. Олардың бос мезгілде дем алатын орны, спортпен шұғылдану әртүрлі ойындар ұйымдастыру, бұқаралық ойындар, халықты салауатты өмір салтына шақыру.
7. Мектеп, емхана, сауда орындарының жұмысын назардан тыс қалдырмаймын.
8. Ауыл шараушылық жұмыстарын арнайы тапсырыспен себілетін дәнді – техникалық дақылдардың, берілген тапсырмалардан шығып, агро техникалық жаңа әдістермен жұмыс жасауға шақырамын. Ауыл тұрғындарының меншік малдарының жайылым жерлерінің дұрыстығына ат салысамын.
9. Алмалы ауылында басталған күрделі жөндеудегі мәдениет үйінің белгіленген кезеңде толық бітуін назарда ұстаймын. Абай ауылындағы осы жылғы жоспарға кіріп отырған қазіргі заманғы ашық спорт алаңының жұмысын уақытылы басталып толық бітуі қадағалауда болады.
10. Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ауылда тәртіп бұзушылық, ұрлық, мал ұрлығы, жалпы алаңсыз өмір сүруіге кепіл болуға ат салысамын.
11. Барлық жұмыстарымды қоғамдық ұйымдармен ақылдаса отырып, ақ сақалдар алқасы жұмысын, аналар алқасы жұмысын жандандырып, осы өмір көрген үлкендермен кеңесіп шешемін. Бұл қоғамдық жұмыстардың жұмысын жандандырамын.
12. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылаймын.