
Жарқынқызы Назым 1995 жылы 22 ақпан күні Алматы облысы, Сарқан ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2014 жылдың 01 шілде айынан бастап, 2015 жылдың 05 қаңтар айына дейін Жастар практикасында болған. 2015 жылдың 12 қаңтар айынан бастап, 2016 жылдың 14 сәуір айына дейін ЖШС «Алтын дала» Кредиттік серіктестігінде администратор болып қызмет атқарған. 2016 жылдың 20 маусым айынан бастап, 2016 жылдың 05 қазан айына дейін «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде техникалық қызметкер басшының хатшысы болып қызмет атқарған. 2016 жылдың 05 қазан айынан бастап, 2018 жылғы 01 ақпан айына дейін «Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде салық-инспекторы болып қызмет атқарған. 2018 жылдың 01 ақпан айынан бастап «Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып қызмет атқаруда. Отбасын құрмаған.
Алмалы ауылдық округі халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын
жақсарту мақсатында аянбай еңбек ету, осы мақсатта бөлінген қаржылардың орынды және тиімді пайдалануына ықпал жасау;
Азаматтардың жеке қаржысы есебінен округке инвестиция тартылу
жұмыстарын ұйымдастыру.
Алмалы ауылындағы шағын және орта бизнесті дамыту;
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін келесі іс-шараларды ұйымдастырамын:
– Бизнес өкілдерін бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік
бағдарламалар жөнінде ақпараттандыру шараларын ұйымдастыру;
– Бизнестің тиімді түрлерін анықтау;
– Кәсіпкерлер палатасы мен ауылдың кәсіпкерлері арасында тығыз
байланыс орнату;
Ауыл шаруашылығын дамыту.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін келесі шараларды ұйымдастырар едім;
-ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіру жұмыстарын қолға алу;
-шаруа қожалықтарының ауыспалы егіс тәсілін қолдануын қолға алу;
-мемлекеттен берілетін қаржыны толық пайдаланып мал басын
асылдандыруға бетбұрыс жасау.