Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне «Ардагерлер Ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі «Ғасыр жаңалығы – АСТАНА» байқауын жариялаған болатын. Байқауға қатысқан ардагер мұғалім Сайраш Шоманованың
«Мәңгілік елдің мұраты» атты шығармасы Орталық кеңес жанында кәсіби мамандардан құралған тәуелсіз комиссия тарапынан бағаланып, ынталандыру сыйлығына ие болды.
Комиссия байқаудың ережесінде атап көрсетілген талаптарға сай деп бағаланған шығармалар «Ғасыр жаңалығы –АСТАНА» атауымен арнайы жинаққа топтастырылады.
Қадыл Жанасбеков,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.