№3 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Балабеков Дастан Канатбекович жасөспірімдер арасында бірқатар спорт шеберлері мен Қазақстан Республикасының чемпиондарын, жүлдегерлерін дайындады. Атап айтқанда спорт шебері Жұмаш Қуаныш- Эстония мемлекеті жастар арасындағы Әлем чемпионатының қатысушысы, Үсен Елдос- жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы, Шылғаубай Естай- ауыл спортшылары арасында Қазақстан Республикасының чемпионы.Спорт шеберлеріне үміткер атанған оқушылары: Жанат Эльдар, Шарипхан Алихан, Қажыкен Диас, Жұмаш Хамза, Джисабек Мирас,Төлеубай Адлет, Қанабеков Нұржан, Үсен Елдос, Шылғаубай Естай.Республикалық спорт интернаттарында 15 ке жуық оқушылары дайындалып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетуде.
Балабеков Дастан Канатбекович 28.01.1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейін бітірген. Білімі жоғары, 2014 жылы И.Жансугуров атындағы Мемлекеттік университетінің дене шыңықтыру және спорт мамандығын бітіріп шыққан. 2008 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы №1 Мамандандырылған БЖСМ-де оқытушы-жаттықтырушы ретінде жұмысын бастаған.
2009-2014 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Алматы облысының Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер жекпе – жек түрлері бойынша мектебінде» спорт нұсқаушы және еркін күрес жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарған.
2015 жылы «Сарқан ауданының балалармен жасөспірімдер спорт мектебі»комуналдық мемлекеттік мекемесіне еркін күрес бөлімінің жаттықтырушы-оқытушы болып жұмысқа қабылданды, 2020 жылы «Сарқан ауданының балалармен жасөспірімдер спорт мектебі»комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.