Сарқан Ауданның қоғамдық – саяси апталық газеті

1933 жылғы мамырынан бастап шығады

«Сарқан газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Сарқан» газетінің тарихы

Алматы облысындағы аудандық газеттердің ішінен «Сарқан» газеті тамыры тереңдегі басылым болып табылады. Тарихқа жүгінсек әкімшілік орталығы ежелгі Лепсі уезінен негіз алған ауданның өзіндік газет шығаруға талпынысы бір мың тоғыз жүз отыз үшінші жылдан ертерек басталған сияқты. Біз Алматыдағы Республикалық ұлттық кітапханадан сол жылдары Лепсі аудандық партия комитеті мен аудандық кәсіподақ кеңесінің органы болып табылатын «Путь Ленина» газетінің 1933 жылғы 3 қаңтардағы алғашқы нөмірін саралағанда газеттің реттік санын 41 нөмірімен белгілегенін көрдік. Өкінішке орай алғашқы нөмірлері табылмады. Соған қарағанда 1928 жылы құрылған ауданның төл газеті ара-тұра болса да шығып тұрған деп пайымдауға болады.
Алғашқы газет аптасына бір рет екі бет көлемінде жарық көрсе, сол жылдың ақпан айынан бастап төрт беттік көлеммен он күнде бір рет оқырмандарға жол тартқан екен. Өзіміз парақтаған алғашқы нөмірдің сарғайған беттері сол кезеңнің шындығынан сыр суыртпақтайды.
Біздің байқауымызша газетте тұрақты редактор болмаған. Бірінші нөмірге Сыссоев, екіншісіне-Гурин, келесілеріне-Давыдов, Шестопалов, Лунин және қайтадан Сыссоев қол қойған.
1937 жылы «Путь Ленина» газеті аудан атауының өзгеруіне байланысты Сарқан аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитетінің органы болып Сарқан селосынан шыға бастайды. 1941 жылдан бастап газет аптасына үш рет –сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері шыға бастайды.

Газет атауының жанындағы «Шыға бастағанына 10-шы жыл» деген дерек аудандық басылымның 1932 жылы шыға бастағанының айғағы.
1945 жылы газетке Ф.Немудров редактор болып тағайындалады. Газет аптасынабірретекі бет көлемменшығады. Газеттің бірінші мамырдағы нөмірінде «Сәуірдің 25-де 13 сағат 30 минутта Одақтастар әскеріфашистік Германияны қоршауғаалып, бірінші Украина майданымен қосылғанын» хабарлайды. 19-мамырдағы нөмір мерекелік сипаттатүрлі-түсті болып шығады. Бірінші бетінде Сталиннің суреті, халыққа арнаған үндеуі, әскери капитуляция туралы акт жарық көрген. Жарияланымдардың барлығында бірдей мерекелік леп сезіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Петровскийдің мақаласы, колхоздар басшыларының көктемгі егісті аяқтағандағы туралы рапорттары осы нөмірдің еншісінде.
Газет – аудан айнасы. 85 жылдық жолында ауданның тыныс-тіршілігін толық қамтыған. 1961 жылы газетке Ю.Г.Нараевский басшылық жасайды. 1962 жылдан 1963 жылғы сәуірге дейін газет «Ленин жолы» деген атаумен қазақ тілінде шығады. Бұл үш ауданның біріккен басылымы әрі Сарқан өңіріндегі алғашқы қазақша газет болып саналады.

Журналистиканың ардагерлері Әбу Бөпебаевтың, Майнұр Қоңырбаеваның газетке басшылық жасайтын тұсы осы кезең. Бұдан соң газет тізгінін А.П.Романчук, 1966 жылы – А.П.Гребенников, 1976 жылы – А.С.Әлмесов, 1988 жылы – М.Г.Щвец ұстайды.
1989 жылы газет екі тілде «Ленин жолы» – «Путь Ленина» атауымен шыға бастайды. Жариялылық лебі әкелген осы қос тілді басылымға ұлтжанды азамат ақын Жамау Бұхарбаев басшылық жасап, жылдар бойы көбесі сөгілмеген тоталитарлық жүйенің ыдырауына осы аудан айнасы арқылы ықпалын тигізді. Сол жылдары газетте танымал журналистер Т.Мизамбеков, Х.Көптілеуов, С.Бекішевтер қызмет атқарады.
1991 жылы газет басшылығына М.Г.Щвец қайта тағайындалады. 1995 жылдан бастап газет «Сарқан» атауымен қос тілде шыға бастады. Газетке сол кезеңде А.Рахметов басшылық жасады. 1997-1998 жылдары газет редакторы болып Б.Бисұлтанов жемісті қызмет атқарды. 1998 жылдың қараша айынан бері редакторлық міндетті мен атқарып келемін.
Барлық жаратылыстың өзіндік атқаратын міндеті, орындайтын миссиясы болады. Бұл тараптан ақрапаттық кеңістікті жағымды жаңалықпен, қуанышты хабармен толтыратын басылым атаулының тіндеті биік. Мақсаты жоғары. Осындай асқақ мақсат біздің ұжымды алға жетелеп келеді.