1-шілде күні Черкасск ауылдық округінде Астананың 20 жылдығына орай “Көңілді мәре” атты эстафеталық ойын өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарыстың мақсаты жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа, достыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Әрі қызықты, әрі денсаулыққа тигізер пайдасы зор іс-шаралар, әрине, ауыл жастарының бос уақыттарын ұтымды өткізуге игі ықпалын тигізеді. Осындай мақсат-мүддемен біз ұйымдастырған эстафета ойынына ” Жасыл ел” “Жас ұлан” ” Астана ” командалары қатысты. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстың шарты мен ережесіне сәйкес әрбір командалар әділқазылар алқасының шешімімен тиесілі орындарына ие болды. Атап айтқанда I орынды “Жас ұлан” тобы, II орынды “Жасыл ел” тобы, III – орынды “Қыран” тобы иеленді. Жүлделі орынға ие болған командалар дипломмен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І.Мусабаланова
Черкасск ауылдық округінің жастар ісі әдіскер нұсқаушысы,
БПҰ мүшесі.