Сарқан ауданының Қарашыған ауылдық округі әкімін тағайындау жөніндегі сайлау туралы 


               Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес Сарқан аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

               1. Сарқан ауданының Қарашыған  ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 23 шілде айына тағайындалсын.

              2. 2023 жылғы 23 шілде айына тағайындалған Сарқан аудандық Қарашыған  ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

                 3. Осы қаулы Сарқан аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және қалалық ” SARQAN ” газетінде жариялансын.

Сарқан аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                М. Естеуов

Сарқан аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                Ш. Нургалиева

           Сарқан қаласы

           2023 жылғы 14 маусым

           № 19

Мәліметпен бөлісу: