“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы ” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңның 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарқан аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданының Қарашыған ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
2. Аумақтық сайлау комиссиясының шекарасы мен орналасқан жері көрсетілген сайлау округінің тізімі Сарқан аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық ” SARQAN ” газетінде жариялансын.
Сарқан аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Естеуов
Сарқан аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Ш.Нургалиева
Сарқан қаласы
2023 жылғы 14 маусым
№ 18