Үздік жыл мұғалімі – 2018

Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында педагог мамандығының мәртебесін арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында жуырда №1 мектеп-гимназияда «Үздік жыл мұғалімі – 2018» аудандық байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.

Аудан мектептерінен 21 мұғалім қатысқан сайыс өте тартысты өтіп, бірінші орынды  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Қанапиянқызы Биясил жеңіп алды.

Екінші орын иегерлері – Караталова Асем Жамбулатқызы, Алмалы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі  және Кузнецова Евгения Николаевна, Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

Үшінші орын иегерлері – Омарова Динара Асхарқызы, Бірлік орта мектебінің  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Каирбекова Жазира Мамыраимқызы, Екіаша орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Мулькибаев Нурсерік Қуанышбекұлы, М.Тынышбаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

Сондай-ақ «Жаңашыл мұғалім» номинациясы  Узакбаева Сарби-Назға,  «Зерттеуші мұғалім» номинациясы Тайменкенова Сәулеге, «Шебер мұғалім» номинациясы Смаханов Арыстанбекке тиесілі болды. Тасарық, Көкөзек, Пограничник орта мектептерінің мұғалімдері белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 

Өз тілшіміз.

 

Мәліметпен бөлісу: