Зейнетақы заңдылықтарындағы өзгерістер және атаулы әлеуметтік көмек

Әйелдердің зейнетақы жасының көтерілуі туралы

жыл

Зейнетақы жасы

Туылған жылы, айы, қүні

2018 жыл 1 қаңтар

58 жас 6 ай

1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1960 жылдың 30 маусымды қоса алғанда

2019 жыл 1 қаңтар

59 жас

1960 жылдың 1 шілдесінен бастап 1960 жылдың 31 желтоқсанды қоса алғанда

2020 жыл 1 қаңтар

59 жас 6 ай

1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1961 жылдың 30 маусымды қоса алғанда

2021 жыл 1 қаңтар

60 жас

1961 жылдың 1 шілдесінен бастап 1961 жылдың 31 желтоқсанды қоса алғанда

2022 жыл 1 қаңтар

60 жас ай

1962 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1962 жылдың 30 маусымды қоса алғанда

2023 жыл 1 қаңтар

61 жас

1962 жылдың 1 шілдесінен бастап 1962 жылдың 31 желтоқсанды қоса алғанда

2024 жыл 1 қаңтар

61 жас 6 ай

1963 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1963 жылдың 30 маусымды қоса алғанда

2025 жыл 1 қаңтар

62 жас

1963 жылдың 1 шілдесінен бастап 1963 жылдың 31 желтоқсанды қоса алғанда

2026 жыл 1 қаңтар

62 жас ай

1964 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1964 жылдың 30 маусымды қоса алғанда

2027 жыл 1 қаңтар

63 года

1964 жылдың 1 шілдесінен бастап 1964 жылдың 31 желтоқсанды қоса алғанда

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес әйелдердің зейнетақы жасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылды қоса алғанда 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріледі.
Әйелдердің зейнетке ерте шығу мүмкіндіктері сақталады. 5 бала туған, оларды 8 жасқа дейін асыраған әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады. Балалы ана жұмыс істемей отырған жағдайда бала күтімі үшін 12 жылдан артық емес, әр балаға 3 жылдан еңбек өтіліне есептеледі.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы жүйесінің шартты-жинақтаушы компоненті енгізіледі. Ол жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына 5 % жарналар есебінен қалыптастырылатын болады.
Жаңа шартты-жинақтаушы компонент зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы, сол сияқты бөліп тарату қағидаттарын қолдайды.
Қызметкерлер шартты-жинақтаушы компонентке қатысушылар болып табылады, олардың пайдасына жұмыс берушілер өздерінің қаражаты есебінен қызметкер табысының мөлшерінен есептелетін 5% міндетті зейнетақы жарналарын жеке аударатын болады.
Шартты міндеттемелерді есепке алу жеке шоттарда жүргізіледі.
Жинақтар шартты болып табылады, мұраға қалдырылмайды және жүйеге қатысушының меншігі болып табылмайды.
Зейнетақы төлемдеріне құқық берудің өтілі 5 жылды құрайды. Төлемдер тек зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана жүзеге асырылады.

Базалық зейнетақы төлемін өсіру туралы
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгереді. Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан барлығына бірдей мөлшерде тағайындалады.
Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін азаматтардың жинақталған еңбек өтіліне және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болуын көздейді.
Базалық зейнетақы мөлшері азаматтардың жалпы еңбек өтілінің жиынтығына қарай әр түрлі болады. Еңбек өтілі 10 жылға дейін болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, яғни 15274 тенге, еңбек өтілі 10 жылдан асқан жағдайда әрбір жыл үшін 2% қосылып есептеледі. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, егер азаматтың еңбек өтілі 33 жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% құрайды немесе 28 284 теңге болады.
Мысалы: біріншіден, азамат 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жыл еңбек кітапшасымен расталатын еңбек өтілін ұсынды, және екіншіден, бұл азамат 1998 жылдан кейін 15 жыл міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударған, ол туралы Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығы растайды (бұрынғы МЗТО). Республикалық бюджеттің 2018-2020 жылдарға арналған жобасына келесі жылдың қосымша қаражат қажеттілігінің жалпы сомасы 128 млрд. теңге енгізілген.

Атаулы әлеуметтік көмектің төлеуі туралы
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мүмкіндіктері шектеулі адамдардың немесе егде жастағы зейнеткерлердің отбасылары) немесе еңбекке қабілетті мүшелері обьективті себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі балалары бар жалғыз басты ана) көрсетілетін болады. Мұндай отбасыларға жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндетті емес.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға қазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады: а) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40%-нан төмен болған жағдайда жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек; б) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60%-нан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы; в) кәмелеттік жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы сұрақтары бойынша жергілікті жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.

С.АТАДЖАНОВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
Комитетінің Алматы облысы бойынша
департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: