Жүлдегерлер анықталды

Жуырда Н.Островский атындағы мектеп-лицейдің эстетикалық пәндер бірлестігі «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдердің белсенділігін арттырып, қолдану және дамыту, рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық және көркем эстетикалық сезімдерін арттыру мақсатында байқау ұйымдастырды. Аталған сайыс төрт номинациядан тұрды: вокал (эстрадалық, халықтық), хореография (жеке, топ), бейнелеу өнері (композиция), технология (аппликация, жапсырмалау).

Мемлекеттік Гимнмен ашылған байқаудың басында білім ордасының басшысы К. Мұқашева сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі ниетін білдірсе, жүргізушілер білікті мамандардан құралған қазылар алқасымен таныстырды.

Тартысты өткен сайыс барысында қазылар алқасы жеңімпаздарды әрбір номинация бойынша бағалады. Атап айтқанда эстрадалық вокалдан бас жүлдені Сиқымбай Балжан олжаласа, биден бас жүлдеге «Шұғыла» би тобы лайық болды, технологиядан (аппликация) бас жүлдеге Митрофанова Виктория ие болып, бейнелеу өнерінен (сурет салу) бас жүлдені Жанатқызы Адема жеңіп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сая ДЮСЕХАНОВА,
Н. Островский атындағы мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: