Сарқан аудандық мәслихатының аппараты бекітілген Регламентке сәйкес мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
Өткен жылы аудандық мәслихаттың депутаттары тарапынан 17 сессия өткізілді, оның ішінде 6- кезекті, 11- кезектен тыс. Барлығы 63 шешім қабылданды, оның 14-і нормативтік құқық акті ретінде Алматы облыстық әділет департаментінде тіркеуден өтті.
Тұрақты комиссиялардың 5 отырысы өткізіліп, тиісті мәселелер бойынша 14 қаулы қабылданды. Өткен жылы мәслихат депутаттары өз сайлаушыларымен 69 кездесулер өткізіп, оған 686 адам қатысты. Кездесулерде көтерілген мәселелер мәслихат аппаратының бақылауында.
5 институционалдық реформаны жүзеге асыру барысында мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестациядан өтті. Жыл сайын аппарат қызметкерлері қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Алматы қаласындағы Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында оқытылады, басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтеді.
Мәслихаттың шешімімен мемлекеттік қызметшілердің бағалау әдістемесі қабылданып, мемлекеттік тіркеуден өтті. 2018 жылдан бастап аппарат қызметкерлері еңбек етудің жаңа әдісіне көшті. Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемінің әділ және лайықты деңгейін қамтамасыз етуге, олардың бәсекелестік қабілетін күшейтуге бағытталған. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен мәслихат депутаттары арасында қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, заңдарды түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі, осы тақырыпқа сай дөңгелек үстелдер, диспуттар ұйымдастырылып өткізіледі. Бұл іс –шаралардың барлығы аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін адал атқаруға өз септігін тигізетіні сөзсіз.
Б.РАЗБЕКОВ,
аудандық мәслихат аппаратының басшысы.