18 жасқа толған алғашқы сайлаушыға сыйлық табысталды


Дауыс беру күні сайлау учаскесінде алғаш рет өз таңдауын жасауға келген жастарға ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай 18 жасқа толып, сайлауға алғаш рет қатысқан алғашқы жас сайлаушыға арнайы естелік сыйлық табысталды.
Бұл күн жас азамат үшін ерекше әрі маңызды сәт болды. Өйткені кәмелет жасына толу – үлкен өмірге қадам басумен қатар, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысуға мүмкіндік беретін жауапты кезең. Ал сайлауға алғаш рет қатысу – әрбір азаматтың өз азаматтық ұстанымын білдіріп, қоғам өміріне белсенді араласуының айқын көрінісі.

Мәліметпен бөлісу: