2002 жылы туылған ер азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, жастарды әскерге шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2019 жылғы қаңтар–наурыз айларында 2002 жылы туылған және бұрын тізімге алынбаған ұлғайған ер азаматтарды шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізілсін.

2. Шақыру учаскесіне тізімге алу жөніндегі комиссияның құрамы №1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

3. Шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарды медициналық куәландыратын әскери-дәрігерлік комиссияның құрамы № 3, 4 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

4. Округтердің әкімдері:

1) 2002 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған ер азаматтардың шақыру учаскесіне тізімге алынуын қамтамасыз етсін;

2) Ер азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың шақыру учаскесіне жеткізілуін қадағаласын;

3) Ер азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін автокөлікпен, байланыс жүйелерімен жабдықтау шаралары қабылдансын, техникалық жұмысшылар, қызмет көрсетушілер қажеттілікке қарай бөлінсін.

5.Аудандық орталық аурухана (Шулгаубаев А.К) Лепсі поселкелі ауруханасы (Мусина Ж.М):

1) Медициналық куәландыру бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жан-жақты көмек көрсету шараларын жүзеге асырсын, осы мақсатқа дәрігерлік пен қажетті мөлшерде орта медициналық қызметкерлерді тартсын;

2) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 2002 жылғы жастарға амбулаториялық аурулардың медициналық карталарын, туберкулез, наркологиялық, психоневрологиялық, диспансерлер мен жасөспірімдерді қарау кабинеттерінде және жұқпалы аурулар аурурханаларында есепте тұрғандардың тізімін берсін;

3) Кеуде қуысын флюрографиялық тексеруден, эритроциттер мөлшерін, гемоглобинді, лейкоциттерді анықтау арқылы қандарын тексеруді, иммунитет тапшылығын жүре пайда болған синдромға тексеруді, зәрдегі белок құрамын анықтауды, электрокардиограммасын түсіруді, резустың оң және терістігін анықтауды жүзеге асырсын;

4) Тізімге алу басталысымен жасөспірімдердің арасынан анықталған науқастарды емдеу үшін бестен кем емес төсек сақтасын, 15 ақпанға дейін анықталған науқастар емдеу мекемелеріне бекітілсін.

6. Білім бөлімі (П.Имангазиева):

1) Тізімге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;

2) 2002 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысы жүргізілсін;

7. Аудандық полиция бастығынан (Е. Ахметқалиев) тізімге алынудан жалтарған адамдарды, жауапқа тартылғандарды жедел іздестіру үшін ішкі істер бөлімі өкілдерінің іздестіру тобын құру сұралсын.

8. Шақыру учаскесіне тізімге алуға байланысты шыққан шығын «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, ҚР Бюджет кодексінің 56-бабына сәйкес жергілікті бюджетке жүктелсін.

9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары           А. Мухановқа жүктелсін.

  Аудан әкімі                                                           М. Разбеков

Мәліметпен бөлісу: