2020 жылы көгілдір отынға халықтың 56% қол жеткізетін болады

Көгілдір отынға көптің қолы жетпесі анық. Осы тұрғысында амандық Ғаббасұлы өңірлерді газбен қамтуға ден қойған. Қазіргі уақытта Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4% — ды құрады.

Талдықорған қаласының қала ішілік желілерінің құрылысы аяқталуда, тоғыз мыңнан астам абонент қосылған.  Бұған дейін Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас қалаларына дейін газ құбыры салынған болатын.

Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде ауыл ішілік желілер салынғалы жатыр. Қазір 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекенді қамтитын «Талдықорған-Үшарал» және «Шелек-Кеген» магистральды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде.Құрылыс нәтижесінде, көгілдір отынға 1,2 млн.адам немесе халықтың 56% қол жеткізе алады дейді облыс әкімі.

 Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тарту қолға алынып жатыр. 2019 жылы жалпы қаражат көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 — жеке, яғни 1 теңге бюджеттік қаражатқа 4 теңге жеке қаражат тиесілі болған.

Сондай-ақ, шағын қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мәселелерін  шешу қолға алынбақ. Өткен жылы Талғар қаласында 106 көп пәтерлі үйге арналған 15 блокты-модульді қазандық орнатылған болатын.

Анар САБЫРОВА

Мәліметпен бөлісу: